Қайтыс болған павлодарлық әйелдің туыстары мәйіт донорлығына рұқсат берді

30.01.2026

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Ауруханада көз жұмған павлодарлық әйелдің туыстары мәйіттік донорлыққа келісім берді.

Марқұмның миына қан құйылып, қаңтардың 22-сінде медициналық мекемеге жеткізілген еді. Дәрігерлер төрт күннен кейін оған ми өлімі диагнозын қойды. Кейін, шұғыл консилиум құрылып, трансплантация жөніндегі үйлестірушілер оның жақындарымен сөйлеседі. Туыстарына мұндай шешім қабылдау оңай болмады, дейді дәрігерлер. Дегенмен, олар мәйіттік донорлыққа саналы түрде келісім берді. Бұл биыл облыста тіркелген алғашқы дерек. Былтыр ел бойынша 18 мәйіттік донорлық тіркеліп, 68 адамға трансплантация жасалды. Жалпы 4 мыңнан астам адам ағза кезегінде тұр. Мамандардың айтуынша, бір мәйіттік донорлық кемінде 5-7 адамның өмірін сақтап қалады.

Дмитрий Потеребух, трансплантология бойынша өңірлік үйлестіруші:

- Алынған ағза мүшелері орталыққа  сәтті жеткізілді. Кезек күткен науқастарға трансплантация жасалады. Марқұмның жүрегі, бауыры, екі бүйрегі мен көзінің мөлдір қабаты басқа адамға салынады. Қазіргі уақытта бәрі енді ғана басталып жатыр. Операциялардың нәтижелері жұмыс күнінің соңында белгілі болады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью