Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Фото: Ашық дереккөз
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жасалған операциялардың 121-і тірі донорлардан, ал 29-ы қайтыс болған донорлардан жүзеге асырылды. Соңғыларының қатарында бүйрек, бауыр, жүрек, өкпе және қасаң қабық трансплантациялары бар.
Биылғы алты ай ішінде 108 әлеуетті қайтыс болған донор анықталды. Оның ішінде 7 жағдайда кейінгі трансплантация үшін бірнеше ағзаны бір мезгілде алу (мультиағзалық алу) жүргізілген.
Бүгінде электрондық үкімет порталы арқылы 172 283 азамат қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа қатысты өз ұстанымын білдірген. Оның ішінде 16 109 адам келісім берсе, 156 174 азамат бас тартқан.
Қазақстан азаматтары қайтыс болғаннан кейін ағзасын донорлыққа беруге дайын ба?
2026 жылғы 21 мамырдағы жағдай бойынша, трансплантацияны күту тізімінде 4 739 пациент, оның ішінде 125 бала бар. Олардың ішінде:
4 208 адамға – бүйрек; 293 адамға – бауыр; 208 адамға – жүрек; 30 адамға – өкпе; 5 адамға – жүрек пен өкпе кешенінің трансплантациясы қажет.Қазіргі таңда Қазақстандағы трансплантация қызметінің инфрақұрылымы 20 өңірді, 40 донорлық ұйымды және 11 трансплантация орталығын қамтиды.
Соңғы екі жылда 500-ге жуық медицина қызметкері арнайы даярлықтан өтті. Сонымен қатар халықаралық клиникалық тәжірибелер енгізіліп, трансплантациялық көмекті ұйымдастыру жүйесі жетілдіріліп келеді.
Айта кетейік, бұған дейін, Үкімет қаулысымен қан донорлары үшін ресми түрде алғаш рет «Құрметті донор» марапаты тағайындалды. Құрмет белгісінің алғашқы иегерлері бекітілген талаптарға толық сәйкес келетін 481 тұрақты донор болатыны туралы хабарлаған едік.