Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Биыл белгілі ғалым, абайтанушы, қоғам қайраткері Қайым Мұхамедхановтың туғанына 110 жыл.
Осыған орай Алматыдағы Мұхтар Әуезов атындағы кітапханада «Ұстаз бен шәкірт. Рухани сабақтастық» атты әдеби басқосу өтті. Жиналғандар Қайым Мұхамедхановтың қазақ әдебиеті мен ғылымындағы өлшеусіз еңбегі, оның Мұхтар Әуезовпен рухани-ғылыми сабақтастығы жайлы келелі пікір айтты. Қайым Мұхамедханов, саналы ғұмырын Абайды зерттеуге арнаған. Бұл бастамасы үшін 1951 жылы жазықсыз айыпталып, 25 жылға сотталады. Алайда ақталғаннан кейін де қазақ үшін құнды рухани мұра саналатын Абай мектебін зерттеуді жалғастырады. Алаш қайраткерлерінің еңбектерін жинап, жүйеледі. Қудалау мен түрлі құқ-айды көрген қаламгердің зерделі еңбектері Тәуелсіздік алғаннан кейін ғана, жарыққа шыға бастады.
Серікқазы Қорабай, абайтанушы:
- Қайым Мұхамедханұлы – Текстология ғылымының негізін салушылардың бірі. Бұл рете 1959 жылы Қайым Мұхамедханұлы «Абай шығармаларының текстологиясы» атты үлкен кітабын шығарған болатын. Бұл кітап – әлі күнге дейін сирек кітап. Ғалымдардың қолынан түспейтін үлкен оқулық іспетті үлкен мұра болып қала береді.