Қайырымдылық жасау күні: Елордада волонтерлер ыстық шай мен бауырсақ таратты

15.03.2026

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Қайырымдылық жасау күніне орай еріктілердің қатысуымен игі акция ұйымдастырылды. «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері коммуналдық қызметкерлерге ыстық шай мен бауырсақ таратты. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Іс-шара «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы және Сарайшық ауданы әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырылды. Аталған орталық құрамындағы Еріктілер қозғалысын дамыту бөлімі 2014 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қазіргі таңда мекемеде 8000-нан астам ерікті қызмет атқарады.

«Бүгін 15 наурыз – Қайырымдылық жасау күні, бұл күн мейірімділік пен тату өмір сүруге, бейбітшілікке шақырады. Негізгі мақсат – еңбек адамдарына адал еңбектері үшін рахмет айту, кішкене болса да көңілдерін көтеру», дейді Еріктілер қозғалысын дамыту бөлімінің бас маманы Айзат Али.

Акция аясында еріктілер коммуналдық қызмет жұмысшыларын ыстық бауырсақ пен шайдан дәм татқызды. Сонымен қатар еріктілер күрек алып, аумақты тазалауға атсалысты.

Наурызнама: бүгін – қайырымдылық жасайтын күн

«Мен осы салада 10 жылдан бері жұмыс істеймін. Бізге еріктілер әрдайым қолдау көрсетеді. Олар мүмкіндігінше қолғабыс көрсетіп, тәттілер таратып, ықыластарын білдіреді. Мұндай шаралар бізге қуаныш сыйлайды және еңбегімізді бағалайтын адамдардың барын сездіреді», дейді «Целина Сервис» коммуналдық қызметінің қызметкері Динара Қалиева.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастамалар қоғамда мейірімділік пен өзара қолдау мәдениетін қалыптастыруға, сондай-ақ қарапайым еңбек адамдарына құрмет көрсетуге бағытталған. Еріктілер алдағы уақытта да осындай әлеуметтік маңызы бар шараларды тұрақты түрде өткізіп, қоғамға пайдалы істерді жалғастыра бермек.

Халық қайырымдылық қорларына сене ме?

Соңғы жаңалықтар

Вашингтон, Нью-Йорк, Оттава қалаларында референдум учаскелері ашылды

Референдум • Бүгін, 16:36

Референдумда дауыс бергендер саны 64,43 пайызға жетті

Референдум • Бүгін, 16:20

Қазақстан спортшылары Өзбекстанда өз таңдауын жасады

Референдум • Бүгін, 16:18

ТҮРКПА байқаушылары: Қазақстан халқы белсенді дауыс беріп жатыр

Референдум • Бүгін, 16:16

Алматы облысының тұрғындары референдум учаскесіне мультфильм кейіпкерлерінің бейнесінде келді

Референдум • Бүгін, 16:10

Хандар мен билердің таңдауы: Жетісайдағы референдумның ерекше қонақтары

Референдум • Бүгін, 15:59

Қостанай тұрғыны туған күнінде дауыс берді

Референдум • Бүгін, 15:58

Алматыдағы сайлау учаскелерінің біріне «барыс Әділет» келді

Референдум • Бүгін, 15:47

Байқаушылар: Дауыс беру процесі заңнамаға сәйкес өтіп жатыр

Референдум • Бүгін, 15:42

Қазақстанның Еңбек Ері Тұрсынбек Мақышев дауыс берді

Референдум • Бүгін, 15:38

Өскемен тұрғыны парапланмен келіп дауыс берді

Референдум • Бүгін, 15:31

Қостанайлық тұрғындар референдумда белсенділік танытты

Референдум • Бүгін, 15:31

Атырауда «Қыз Жібек» фильміндегі «Гәккуді» орындаған әнші дауыс берді

Референдум • Бүгін, 15:28

Ақмола облысының тұрғыны туған күнінде дауыс берді

Референдум • Бүгін, 15:23

Учаскеге дейін жеткізіп салады: Жас сайлаушылар автоеріктіге айналды

Референдум • Бүгін, 15:21

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью