Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Қайырымдылық істерімен танымал блогер "Бетперде таққан адам" тағы бір отбасыны қуанышқа бөледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Желідегі парақшасында жарияланған мәліметке сәйкес, Ақнұр – 15 жастағы мүгедек қыз, жалғызбасты анасы мен кәмелетке толмаған інісімен жалдамалы пәтерде тұрып келген. Анасы үй жағдайында тәттілер пісіріп, отбасын асырауға тырысса, інісі бірнеше жұмыс істеп, қаржылай қолғабыс көрсеткен.
Бетперде таққан адам отбасының жағдайын ескеріп, Ақнұрдың ем-домы мен білім алуына қажет қаражатты толық мойнына алып, оларға жаңа баспананы сыйлады. Видеода отбасы мүшелерінің қуаныштан көз жастарын ұстай алмай жатқаны көрінеді.
Бетперде таққан адамның мұндай іс-әрекеттері әлеуметтік желіде әрдайым кең таралып, қоғамның ыстық ықыласына бөленеді. Көпшілік оның үнсіз жасалған жақсылықтарын "адамдықтың жарқын үлгісі" деп бағалайды.
Естеріңізге сала кетейік, жыл басында блогер Нағиманың отбасы үшін де баспана сатып берген болатын.