Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов жергілікті урбанистер мен сәулетшілермен кездесіп, қалада урбанистика орталығын құру жайын талқылады.
Бұл бастама қаланың мастер-жоспарын әзірлеу, бірыңғай дизайн-код енгізу, көгалдандыру жүйесін дамыту және қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру бағытындағы жұмыстардың жалғасы болмақ.
Кеңес барысында болашақ орталықтың ұйымдастыру моделі, міндеттері және мемлекеттік органдармен, бизнес өкілдерімен, құрылыс компанияларымен және сарапшылар қауымдастығымен ықпалдасу жолдары қаралды. Қатысушылардың пікірінше, орталық қалалық ортаны дамыту жобаларын дайындау мен жүзеге асырудың тұрақты алаңына айналып, Атыраудың ұзақ мерзімді даму тұжырымдамасын қалыптастыруға ықпал етуі тиіс.
Сонымен қатар жобаларды іске асырудың барлық кезеңін қамтамасыз ете алатын жергілікті мамандарды даярлау қажеттілігіне ерекше назар аударылды. Кездесуді қорытындылаған облыс әкімі орталықты құру мәселелерін нақтылап, оның алдағы қызметі бойынша ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.
Бүгін, 12:26