Қала магистральдары Үлкен Алматы айналма жолына дейін ұзартылып жатыр

08.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Қала әкімдігінің мәліметінше, жұмыс сапары барысында жол инфрақұрылымын дамыту, соның ішінде қаланы агломерациямен байланыстыратын негізгі көшелерді ұзарту қарқыны қаралған. Алматы облысы әкімдігінің басқарма басшыларымен бірге жер телімдерін сатып алу, жобалық-сметалық құжаттаманы жаңарту және нысандарды кейін қала балансына беру мәселелері талқыланған.

Фото: Алматы әкімдігі

Әкімнің айтуынша, қала мен облыс әкімдіктерінің үйлесімді іс-қимылы жобаларды белгіленген мерзімде аяқтауға және агломерация үшін біртұтас көлік жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мердігер ұйымдарға жұмысты сапалы әрі уақытында орындау, сондай-ақ әр кезең бойынша жеке жауапкершілікті сақтау тапсырылған.

Фото: Алматы әкімдігі

Қазір Абай және Рысқұлов даңғылдарын, Сайын, Солтүстік айналма және Тілендиев көшелерін қала шекарасына дейін ұзарту жұмыстары жүріп жатыр. Ал Ақын Сара көшесін ұзарту толық аяқталған.

Фото: Алматы әкімдігі

— Алматы қаласы мен агломерация арасындағы үздіксіз көлік байланысын қамтамасыз ету мақсатында аталған магистральдар Үлкен Алматы айналма автомобиль жолына дейін ұзартылуы керек, — деп жазды қала әкімі.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда Райымбек даңғылын Шығыс айналма жолына дейін ұзарту үшін 54 учаске алынатынын хабарлағанбыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью