Қала мен ауыл мектебіндегі білім сапасының алшақтығы азайып келеді Қасым Жомарт Тоқаев

26.08.2026

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Мемлекет басшысы ауыл мектебінен шыққан республикалық олимпиада жүлдегерінің саны 10 есе ұлғайғанын айтты, - деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.

«Ұстазды қадірлей білу – өркениетті қоғамға тән қасиет. Біз ұлт сапасын арттырамыз десек, бірінші кезекте мұғалімдерге барынша қолдау көрсетуіміз керек. Бұл – мен үшін мызғымас ұстаным.

Жалпы, еліміздегі білім саласын дамыту үшін көп жұмыс атқарылды. Нақты нәтижелер де бар.

Былтыр оқушыларымыз 30-дан астам беделді халықаралық олимпиада мен ғылыми жобаға қатысып, мыңнан астам медаль жеңіп алды.

Ауыл мектебінен шыққан республикалық олимпиада жүлдегерінің саны 10 есе ұлғайды. Осылайша, қала мен ауыл мектебіндегі білім сапасының алшақтығы айтарлықтай азайып келеді. Алайда арқаны кеңге салуға әлі ерте, алдымызда көп жұмыс бар, оны тиімді атқаруымыз қажет.

Білім беру саласында әлі күнге дейін шешімін таппай отырған біраз түйткіл бар. Сондықтан бірқатар өзекті мәселеге арнайы тоқталғанды жөн деп санаймын», - деді Президент.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью