Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада белгілі жазушы-публицист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шархан Қазығұлдың 70 жас мерейтойына орай жарық көрген «Таңдамалы» жинағының тұсаукесері өтті.
Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»
«Әлем әйнегіндегі әсемдік», «Дүбәра дүние», «Тоғыз тарау туынды», «Оңашадағы онлайн ойлар», «Палитрасыз портреттер», «Футбол философиясының фрагменттері», «Шалахметов шеңбері», «Сегізінші нота» және тағы басқа публицистикалық кітаптарымен, сондай-ақ «Меценат» әдеби байқауының жеңімпазы атанған «Күлпет» атты романымен оқырманға жақсы таныс Шархан Қазығұлдың 70 жасқа толу мерейто йына орай өткізілген іс-шарада алғашқы сөз алған Президент кеңесшісі, Ұлттық Ғылым академиясының академигі Бауыржан Омаров мерейтой иесіне Мемлекет басшысының құттықтауын жеткізді. Сондай-ақ қаламгерге Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің, Премьер-министр орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау хаттары табысталды.
Шархан Қазығұлдың жеті бөлімнен тұратын «Таңдамалысына» әр жылдары жазған көркем шығармалары мен нон-фикшн жанрында жазылған публицистикалық дүниелері топтастырылған. Атап айтқанда, «Меценат» әдеби сыйлығына лайық болған «Күлпет» романы мен екі әңгімесі, кезінде оқырмандардан жоғары бағасын алған «Оңашадағы онлайн ойлар» туындысы, әдебиет, өнер және журналистика саласындағы танымал тұлғалар туралы эсселері жинақталған. Тұлғалар образын ашуда өзіндік стилі қалыптасқан автордың жатық тілі мен жазу шеберлігі кітаптың мазмұны мен құрылымын аша түскен. Сонымен қатар таңдамалы жинақтан орын алған мөлтек портреттер мен «Футбол философиясының фрагменттері» туындысы да оқырман қызығушылығын тудыратыны анық.
Іс-шара барысында автор мен оның шығармашылығы туралы зиялы қауым өкілдері, депутаттар мен қоғам қайраткерлері өз ойларын ортаға салды.
Соңғы жаңалықтар
359 шетелдік байқаушы қатысады
Референдум • Бүгін, 23:50
Мұнай бағасы 15%-ға төмендеп, бір барреліне 83 долларды құрады
Экономика • Бүгін, 23:35
Иран Біріккен Араб Әмірліктеріне соққы жасады: 6 адам қаза тапты
Оқиға • Кеше
Ауа райы күрт нашарлады: Бірқатар жолда жол апаты тіркелді
Қоғам • Кеше
Қарағанды облысында қар құрсауынан 2 адам құтқарылды
Аймақтар • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыстағы тағы бір шабуылды айыптады
Президент • Кеше
Адам капиталы – өсудің маңызды факторы: Қазақстан жаһандық рейтингте өз орнын жақсартты
Қоғам • Кеше
Ерлан Қошанов Бүкіләлемдік саммитте Ұлттық ядролық кластер құру жөнінде айтты
Қоғам • Кеше
Астанада ертең мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқиды
Елорда • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының әкімін қабылдады
Президент • Кеше
Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды
Спорт • Кеше
Air Astana наурыздың соңына дейін Dubai бағытындағы рейстерін тоқтатты
Қоғам • Кеше
Ерлан Жетібаев: Қазақстан өз азаматтарын қатерге қалдырмайды
Қоғам • Кеше
Референдумға дайындық: Мүгедектігі бар адамдарға қандай жағдай жасалады?
Референдум • Кеше
Зағип жандар дауыс беру учаскелерінде жаңа Конституцияның аудио нұсқасын тыңдай алады
Референдум • Кеше