Қалдықтардан кәсіп құрған қазақстандық азамат өз ауылын қоқыстан тазартты

11.04.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Түркістан облысы Ақсу ауылының тұрғыны Владислав Голярко қарапайым қоқыстың да үлкен өзгеріске бастай алатынын дәлелдеді, деп жазады Egemen.kz

Ол Глобалдық экологиялық қор мен БҰҰ Даму бағдарламасынан шағын грант алып, өз ауылында қалдықтарды бөлек жинауға арналған алғашқы контейнерлерді орнатқан.

Бастапқы идея өте қарапайым болды — тұрғындарды қоқысты сұрыптауға ынталандыру. Бүгінде ауыл тұрғындары пластик, шыны және қағазды бөліп, арнайы контейнерлерге салады. Әр килограмм үшін тұрғындар шамамен 30 теңге алады. Ал компания бұл шикізатты зауыттарға 100 теңгеден өткізеді.

Жиналған қалдықтарды Владислав өзі алып кетіп, арнайы алаңға жеткізеді. Ол жерде шикізат тазартылып, престеледі, кейін қайта өңдейтін зауыттарға сатылады. Түскен табыстың бір бөлігі қайтадан ауыл тұрғындарына қайтарылады — олар бұл қаражатты қайда жұмсауды өздері шешеді.

Жүйе жолға қойылған соң, ыңғайлы болу үшін мобильді сервис те іске қосылды. Оның жұмысы такси шақыру қағидатына ұқсайды: тұрғындар сұрыпталған қоқыстың суретін жіберіп, мекенжайын көрсетеді, ал компания келіп, қалдықтарды алып кетеді.

Жалпы, қалдықтарды бөлек жинау әлемнің көптеген елінде бар тәжірибе. Алайда Қазақстанның ауылдары үшін бұл — әлі де жаңа бағыт. Ақсу ауылында бұл өзгеріс бір қарапайым тұрғынның үйінің маңындағы бейберекет қоқыстан шаршауынан басталған.

Жоба авторының айтуынша, қоқыс алаңдарын екінші реттік шикізат маркетплейсіне айналдыру қажет. Яғни, бұл — тұрғындар өз қалдықтарын әкелетін және қайта өңдеуге жарамды шикізатты кәсіпкерлер немесе қызығушылық танытқан тұлғалар сатып алатын орын. Кейін олар бұл шикізатты зауыттарға өткізе алады. Осындай тәсіл адамдардың қоқысқа деген көзқарасын түбегейлі өзгертуі мүмкін.

Қазір Владиславтың жүйесінде:

1000-нан астам отбасы 200-ге жуық кәсіпорын 11 мектеп өндірістік цехта 12 қызметкер бар

Жылына 300 тоннадан астам шикізат қайта өңделеді. Ал ең бастысы — ауыл тұрғындарының алғысы шексіз.

Соңғы жаңалықтар

Шиті мылтық пен түйе зеңбірек

Жәдігер • Бүгін, 09:45

Азиядан – 6 алтын медаль!

Бокс • Бүгін, 09:40

151 судья тағайындалды

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:30

Солтүстік спортындағы соны серпін

Спорт • Бүгін, 09:25

Балалар құқын қорғайтын басқарма

Шымкент • Бүгін, 09:20

Миранда қағидасы «Үндемеуге құқыңыз бар»

Құқық • Бүгін, 09:15

Классикалық үлгіге қосылған еңбек

Әдебиет • Бүгін, 09:10

Менің Темағам!

Руханият • Бүгін, 09:05

Қазақша сөйлейтін ЖИ: ISSAI зертханасындағы бір күн

Ғылым • Бүгін, 09:00

Баршаға ортақ мүмкіндік

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:55

«Отандық ғарыш саласының жоспары ауқымды»

Сұхбат • Бүгін, 08:50

«Момақан қыз» – оқырман олжасы

Руханият • Бүгін, 08:45

Зиянды қалдықты 40 есеге азайтқан технология

Ғылым • Бүгін, 08:40

Қаныштың Қытайға сапары

Тарих • Бүгін, 08:35

Жер қойнауын зерттеудегі ЖИ үлесі

Ғылым • Бүгін, 08:30

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью