Қалың қар, көктайғақ: Өскеменде жол апаты 4 есе артты

08.11.2025

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Қалада қалың қар жауып, көктайғақ болуы салдарынан жүргізушілерге көлік айдау қиындап кетті. Алғашқы қар Өскеменде 5 қарашада жауған болатын. Сол кезде бір күнде 23 жол апаты тіркелді.

Негізінен қалада тәулігіне орташа есеппен 10, ары кетсе 15 жол апаты болатын.

- Келесі күні 25 жол-көлік оқиғасы болды. Ал 7 қарашада жол апаттарының саны 40-қа жетті. Бұл әдеттегі көрсеткіштен 4 есе көп. Осы ретте, көлік жүргізушілеріне қысқы дөңгелекке ауысуды, жылдамдықты шектеуді және қауіпсіз арақашықтықты сақтауды қатаң ескертеміз, - деп хабарлады қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметінен. 

Айта кетейік, 1 желтоқсаннан бастап дөңгелектерін қыстыққа ауыстырмаған жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Еске салсақ, осыған дейін Павлодар облысында жолаушылар автобусы аударылып, бір адам қаза тапқаны хабарланған

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью