Қалыңмалға берілген көлік үшін : Дағыстанда мұсылман некесіндегі әйел күйеуінің қолынан қаза тапты

30.01.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Қылмысқа қалыңмалға берілген «Лада Приора» көлігін сату себеп болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Mash арнасының дерегінше, қайғылы оқиғаға дейін 28 жастағы Ражидин Я. мен 36 жастағы Мальвина М. мұсылмандық некесін қиған. Қалыңмал ретінде берілген «Лада Приора» көлігін ер адам әйелінің келісімінсіз Грозный қаласының тұрғынына 600 мың рубльге сатып жіберген.

Бұл жағдайға наразы болған Мальвина полицияға көліктің ұрланғаны жөнінде арыз жазған. Сол күні кешке Ражидин «арыз мәселесін талқылау үшін» әйелге барған.

Араға алты күн салып, әйелдің мәйіті Дербент қаласынан үш шақырым жердегі ауыл аумағынан табылғаны хабарланды.

Туыстарының айтуынша, марқұмның бірінші некесінен үш баласы қалған.

Күдікті Ражидин ұсталып, полиция бөлімінде қылмысты жасағанын мойындаған.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью