Қамауға алынды: Хромтау қаласының әкімі пара алды деген күдікке ілінді

12.11.2025

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Ақтөбе облысында Хромтау қаласының әкімі Сағындық Шабықбаев пара алды деген күдікпен ұсталып, тергеу аяқталғанға дейін қамауға алынды, - деп хабарлайды Aikyn.kz. Бұл туралы Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Олардың мәліметінше, Хромтау қаласының әкімі Сағындық Шабықбаев ҚР Қылмыстық кодексінің "пара алу" бабы бойынша күдікке ілінген.

"Сот екі айға қамауға алуға рұқсат берді. Басқа ақпарат жария етілмейді", – деп хабарлады Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 40 жастағы Сағындық Шабықбаев әкім қызметіне екі жыл бұрын келген. Бұған дейін ол әкімнің орынбасары қызметін атқарған. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью