Қамчыбек Тәшиев Қырғызстан ІІМ не жауап алуға жеткізілді БАҚ

19.03.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Қырғызстан МҰҚК бұрынғы төрағасы Қамшыбек Тәшиев елге оралды. Қазір ІІМ Бас тергеу басқармасында одан жауап алынып жатыр. Бұл туралы жергілікті бірнеше БАҚ жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қырғызстан МҰҚК бұрынғы төрағасы Қамшыбек Тәшиев елге оралды. Қазір ІІМ Бас тергеу басқармасында одан жауап алынып жатыр. Бұл туралы жергілікті бірнеше БАҚ жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Kaktus.media мәліметінше, бұл жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 10-да болған. Қазір Қамшыбек Тәшиев ІІМ ғимаратында деген болжам бар.

Еске салайық, 10 ақпанда Қамшыбек Тәшиев Қырғызстан министрлер кабинеті төрағасының орынбасары әрі Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылғаны хабарланды. Қамшыбек Тәшиев Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметіне 2020 жылғы 16 қазанда тағайындалған.

Қырғызстан МҰҚК-нің бұрынғы басшысы Қамшыбек Тәшиев Еуропада емделіп жатқаны да айтылды.

Кейінірек Садыр Жапаров Қамшыбек Тәшиев қызметінен кеткеннен кейін жеке кездескенін мәлімдеді.

Қырғызстан президентінің айтуынша, осы шешімнің арқасында керісінше досын құтқарған. Оның сөзінше, Қамшыбек Тәшиевті қызметінен босатпаса, бұл мемлекеттік аппарат қызметкерлері арасында, қоғам арасында алауыздыққа әкеп соғуы мүмкін еді.

"Өйткені оның қасында жүргендер, оларды "ақсақалдар" дейміз бе, "көксақалдар" дейміз бе, әйтеуір олар досымды тура жолдан тайдырды. Олар Қамшыбек Тәшиевтің атынан Парламент депутаттарына, жауапты мемлекеттік қызметшілерге, сондай-ақ, қоғамда танымал адамдарға "генералдың жағына көшіңіз" деген әңгімелер айта бастады", - деді Жапаров.

17 ақпанда Қамшыбек Тәшиев Қырғызстаннан ұшып кеткені белгілі болды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью