Қамкөңіл жандар қамқорлықсыз қалмайды

27.03.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Атырау облысында мүмкіндігі шектеулі 27 726 адам тіркелген. Оның ішінде бірінші топ санаты 2 984 адамға берілген. Екінші топта 10 010, үшінші топта 9 781 адам бар. Кәмелетке толмаса да 4 951 баланың мүмкіндігі шектеліп отыр.

Сурет: atr.kz

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағ­дар­­ламалар басқармасының дере­гіне қарағанда, өткен жылы әлеу­меттік қызметтер порталы арқылы 24 789 мүгедектігі бар адамдар техникалық оңалту құрал­дарымен, әлеуметтік қыз­меттермен қамтамасыз еті­ліпті. 3 329 адамға протездік-ортопедиялық, 536 мүм­кін­дігі шектеулі жанға сурдо­ло­гиялық көмек беріліпті. Тифло­тех­ни­ка­лық құралдармен 1 409, арнаулы жүріп-тұру қызметімен 746 адам қамтылған. Санаторий-ку­рорттық емделуге 6 153 жібе­ріл­ген. 1 045 мүгедек жеке көмек­шінің, 213 адам ымдау тілі ма­ма­ны­­ның қызметін алған.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында мүгедектерді тасымалдайтын 156 инватакси бар. Оның ішінде 10 көлік қана арнайы жабдықталған. Былтыр 156 инватаксимен 4 175 қозғалуда қиындығы бар мүгедектерге 328 721 тасымал жасалыпты.

Дегенмен мүгедектердің мұ­ңына атүсті қарайтындар бар. Ай­талық, Жылыой аудан­дық прокуратурасының қызмет­кер­лері инватакси қызметін ұйым­дас­тыруға қатысты өрескел заң бұзу­шылықтарды анықтады. Ауданның бірінші, екінші топ­тағы мүгедектері қозғалыс кезін­де, диспетчерлермен байланыс ор­на­туда негізсіз шектеулерге тап болған.

«Прокуратура қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі азаматтардың конституциялық құқығының сақта­луына талдау жүргізді. Тал­дау барысында жергілікті инва­такси қызметі ауылдық ок­руг­тер мен елді мекендерге көрсетілмегені, диспетчерлік қыз­мет­тің жұмысы тиісті түр­де ұйым­дастырылмағаны анық­тал­ды. Нәтижесінде, Жылы­ой ауданында тұратын 156 тұр­ғынның құқығы толықтай қал­пына келтірілді. Мүгедек­тер­дің құқығын бұзып, өз міндетін тиісінше орындамағаны үшін үш лауазымды қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды», деп хабарлады облыстық про­ку­ратураның баспасөз қыз­меті.

Индер ауданының прокуратурасы да осындай кемшілікті анықтап отыр. Аталған ауданда да арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету, мүмкіндігі шектеулі жандардың инфрақұрылымға, көлік нысандарына қолжетім­ді­лі­гін қамтамасыз ету саласында елеулі бұзушылықтар кездеседі.

«Тексеру көрсеткендей, мем­лекеттік қолдау көбінесе рес­ми түрде жүзеге асырылады. Қада­ғалау органы күндізгі бөлім­ше жұмыс істейтін жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда Әлеуметтік кодекстің талаптары бұзылғанын анықтады. Өрес­кел жағдай – балаларды қолдауға арналған бейінді ұйым­да бірде-бір қамқоршы жоқ», деп мәлім етті облыстық прокуратурадан.

Ауданда мүмкіндігі шектеулі бала­ларға мүлде қызмет көрсетіл­меген. Жауапты адамдар мұны ғимараттың жоқтығымен түсін­ді­реді.

«Шенеуніктер тек қағаз толтырумен айналысып, балалар қа­жетті оңалту мен көмексіз қал­­ған. Индербор кентінің инф­ра­­құрылымын тексеру нәти­желері одан да сорақы болды. Прокуратура мүмкіндігі шек­теулі жандарға жекелеген нысан­дардың қолжетімсіз екенін анық­тады. Тексеру нәтижелері бойын­ша бұзушылықтар жойылды. Индербор кентінің әкімі мен ұйым басшысы әкімшілік, аудан әкімінің аталған салаға жетекшілік ететін орынбасары мен әлеуметтік бағдарламалар бө­лі­мінің бастығы тәртіптік жауап­кершілікке тартылды. Осылайша, 19 мүмкіндігі шек­теулі баланың құқығы қорғал­ды», деп ақпарат берді прокуратурадан.

Тегінде мүмкіндігі шектеулі жан­дар да – қоғамның белді мү­шесі. Бұқараның бұл тобын­да­ғылар да өзгелер секілді лайықты қызмет алғысы келеді. Алайда қолында билігі бар шенеуніктер мүгедектерді шеттетуге болмайтынын ескере бермейді. Әсіресе кәмелетке толмаған мүмкіндігі шек­теулі жасөспірімдер қамқор­лық­сыз қалмауға тиіс.

Атырау облысы 

Соңғы жаңалықтар

Қазақы тағамның қасиеті

Экономика • Бүгін, 08:53

Атыраудағы бірегей зауыт

Өндіріс • Бүгін, 08:50

Жұмыссыздарға қандай қолдау бар?

Сараптама • Бүгін, 08:48

Көлік кептелісі шектен шықты: Әрбір жүргізуші жылына кемінде 50 сағат көшеде қаңтарылып тұрады

Қоғам • Бүгін, 08:45

Технология мен ғылымды тоғыстырған

Ғылым • Бүгін, 08:43

Алматы Кремний алқабына айнала ма?

Ғылым • Бүгін, 08:40

MIT-ке қабылданған оқушы

Білім • Бүгін, 08:38

Жазата жеткізген жәдігер

Жәдігер • Бүгін, 08:35

Берекенің бесігі

Көрме • Бүгін, 08:33

«Алтын ғибадатханада» күйреген сенім

Әдебиет • Бүгін, 08:30

Актер шындығы қайда жоғалды?

Өнер • Бүгін, 08:28

Сәулелі кеңістіктің секемшіл суреті

Әдебиет • Бүгін, 08:25

Нөкерсіз жүрген, нөсерге төзген

Тұлға • Бүгін, 08:23

Тасқынға тастүйін дайындық

Су тасқыны • Бүгін, 08:20

Тағдырын таныған таланттар

Әдебиет • Бүгін, 08:18

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью