Қамкөңіл жандарға қамқорлық

27.01.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Қостанайда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған «Мүмкіндік» әлеуметтік-құқықтық акциясы өтті. «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында өңірде алғаш рет ұйымдастырылған игі шараға прокуратура қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар мен уәкілетті құрылым өкілдері, сондай-ақ жұмыс берушілер, оқу орталықтарының басшылары мен волонтерлер қатысты.

Облыс прокуроры Марат Сексембаев­тың айтуынша, акция облыс­тың барлық қаласы мен ауданында бір мезгілде бастау алған. Ұйым­дас­ты­рушылар шалғай елді мекендерде тұратын азаматтардың да назардан тыс қалмауын ескеріпті.

– Іс-шараға 150-ден астам мем­ле­кеттік орган, 146 жұмыс беруші кәсіпорын, 12 оқу орталығы, 11 үкі­мет­тік емес ұйым, сонымен қатар бел­сенді жастар қатысып жатыр. Акция барысында 1500-ден астам мүм­кіндігі шектеулі азамат уәкілетті орган өкілдерімен жүзбе-жүз тілдесіп, түйткілді сауалдарына жауап алады. Кейде мүгедектігі бар жан­дардың жұмысқа орналасуына, әлеуметтік-медициналық көмек алуына немесе баспана мәселесін шешуге кедергі болатын жайттар кез­десіп жатады. Сондықтан ерекше қажет­ті­лігі бар жандардың жағдайына тереңірек үңіліп, жан-жақты қолдау көр­се­тетін осындай іс-шараларды жиі ұйым­дас­ты­рып тұрған абзал, – деді облыс прокуроры.

Жиынға үлкен үміт арқалап келген­дер­дің біразының мәселесі сол мезетте оң шешімін тапты. Мәселен, ерекше бала тәрбиелеп отырған Қос­танай қаласының тұрғыны Диана Құр­манова бір жылдан бері түрлі бюрократиялық кедергілерге тап болып, ұлына заң жүзінде тиесілі ем-шараға қол жеткізе алмай келген еді. Облыстық жұмыспен қамтамасыз ету және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандары ананың өтінішін табан астында қарастырып, қаладағы бейімдеу орталықтарының біріне тегін жолдама берді.

– Мен сияқты ерекше қамқорлықты қажет ететін бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға мұндай кездесулердің маңызы зор. Кейде балам үшін талай мекеменің табалдырығын тоздыруға тура келеді, оны жетелеп әр жерге бару оңай емес. Міне, бүгін көптен бері қолымыз жетпей жүрген жолдаманы алып, қуанып жатырмыз. Игі іс-шараны ұйымдастырған азаматтарға алғысым шексіз, – дейді Д.Құрманова.

Жиын барысында зағип жандар да өздерін толғандырған сауалдарға тұ­щымды жауап алып, білікті маман­дар­дың кеңесін тыңдады.

Бүгінде облыс орталығында 9 мың­нан астам мүмкіндігі шектеулі жан бар болса, оның жартысына жуығы үшінші топқа жатады. Бұл дегеніміз – олардың еңбекке араласып, жұмыс істеуге мүмкіндігі бар деген сөз. Осы орайда, аталған санаттағы бірсыпыра азамат жұмысқа орналасу жөнінде жұмыс берушілермен келісімшартқа отырды.

Акция аясында «Отбасы банк» АҚ өкілдері мүгедектігі бар адамдар мен олардың отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету, қолданыстағы бағ­дарламалар, жеңілдетілген несие алу жолдары туралы ақпарат берді. Кә­сіпкерлер палатасының мамандары бизнес бастауға ниетті жан­дар­ға мемлекеттік қолдау тетіктерін түсіндіріп, бизнес-жоспар құру, гранттар мен субсидиялар алу жөнінде кеңес ұсынды.

Қостанай облысы 

Соңғы жаңалықтар

«Australian Open» қызған шақ

Теннис • Бүгін, 08:15

Үш емдеу мекемесі ашылды

Аймақтар • Бүгін, 08:10

Жыр алыбымен жүздескен қыз

Тарих • Бүгін, 08:05

Мергенсайдағы білім ошағы

Келешек мектептері • Бүгін, 08:00

Мектебі көбейген мегаполис

Келешек мектептері • Бүгін, 07:55

Ғимарат су жаңа кейіпке енді

Білім • Бүгін, 07:45

Ғасыр жасаған соғыс ардагерін құттықтады

Өшпес даңқ • Кеше

Марат Башимов: Жеке деректерді қорғау Конституцияда бекітілуі тиіс

Қоғам • Кеше

Конституцияға өзгерістер: Белгілі заңгер пікір білдірді

Қоғам • Кеше

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл: Өмір сүру құқығы мен әділ сот – Конституцияның іргетасы

Қоғам • Кеше

Азат Перуашев: Бір палаталы Парламентке көшу – саяси реформаның қисынды жалғасы

Құрылтай • Кеше

Б.Алтынбеков: Конституциялық реформа – дамудың жаңа бағытын таңдау

Қоғам • Кеше

Н.Шаталов: Конституциялық реформа шеңберінде сөз бостандығы және бейбіт жиналыстар құқығы сақталады

Ата заң • Кеше

С.Пономерев: «Таза Қазақстан» – Конституциядағы жаңа жауапкершілік өлшемі

Экология • Кеше

Гүлзира Атабаева: Зайырлы білім – жас ұрпақтың еркін дамуының кепілі

Ата заң • Кеше

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью