Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Қамшыбек Тәшиев қылмыстық іс фонында алғаш рет ел алдына шығып, ел президенті Садыр Жапаровқа мақтау айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Қамшыбек Тәшиев қылмыстық іс фонында алғаш рет ел алдына шығып, ел президенті Садыр Жапаровқа мақтау айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қырғыз пабликтерінде МҰҚК-ның бұрынғы төрағасы Қамшыбек Тәшиевтің видеосы тарады. Ол ұзақ уақыттан бері алғаш рет көпшілік алдына шығып отыр. Саясаткердің жақтастары оның бірнеше видеосын жариялады. Соның бірінде Тәшиевтің Қызыл-Туу ауылында футбол алаңын ашып жатқаны көрсетілген, рәсімге жас футболшылар қатысқан.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Қамшыбек Ташиевтің фанаттар парақшасынан (@kamchybek_tashiev_fan)
Тағы бір видеода Тәшиев бір отбасыға жаңа үйдің кілтін табыстайды. Бұл баспана қиын жағдайға тап болған жандарға көрсетілетін қайырымдылық көмек аясында салынған.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
"Тандыр Медианың" орыс тіліндегі парақшасынан (@tandyr.media)
Қоныс иелерін құттықтау кезінде МҰҚК-ның экс-басшысы ел президенті Садыр Жапаровты атап өткен. Оның айтуынша, азаматтарды баспанамен қамтуға бағытталған саясатты нақ осы президент жүргізіп отыр.
"Мемлекетте қандай саясат жүріп жатқанын өздеріңіз көріп отырсыздар: әр адамның өз үйі болуы керек. Мемлекет басшысы, құрметті президент Садыр Нұрғожаұлы кеше Ошта ипотекалық үйлерді ашты, Қара-Сууда ашты, өздеріңіз де көрген шығарсыздар. Мыңдаған адамға: Ошта – 600, Қара-Сууда – 400 адам. Мемлекеттің саясаты осындай. Үйсіз қиналған әр отбасы баспаналы болуы тиіс", - деп келтіреді Қамшыбек Тәшиевтің сөзін Kaktus.media.