Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Қырғызстан ҰҚМК-нің бұрынғы басшысы Қамшыбек Тәшиев елден ұшып кетті. Бұл туралы "Өңір" телеарнасының директоры Откурбек Рахманов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.
Қырғызстан ҰҚМК-нің бұрынғы басшысы Қамшыбек Тәшиев елден ұшып кетті. Бұл туралы "Өңір" телеарнасының директоры Откурбек Рахманов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.
Рахмановтың айтуынша, елден уақытша ұшып кеткен. Жарияланған видеода басқа мәліметтер, соның ішінде шетелге бару мақсаты мен қанша уақытқа кеткені айтылмайды.
Оның елден кетуіне байланысты мемлекеттік органдардан ресми пікір білдірген жоқ.
Еске салайық, 10 ақпанда Қамшыбек Тәшиевтің Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасының орынбасары – Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) төрағасы қызметінен босатылғаны белгілі болды. Тиісті жарлыққа республика президенті Садыр Жапаров қол қойған.
Қырғызстан президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Садыр Жапаров "бұл қадамның басты мақсаты - мемлекеттің бірлігін нығайту және қоғамда, соның ішінде мемлекеттік құрылымдар арасында да, жікке бөлінудің алдын алу" екенін айтқан.
Алайда кейінірек президенттің баспасөз хатшысы шиеленісті Тәшиев емес, оның жақын айналасындағы адамдар туғызғанын хабарлады. Олар депутаттарға қоңырау шалып, "генералдың жағына шығуға" және "президенттің жаңа сайлауын бастамалауға" үгіттеген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Следите за нашими новостями в Google News
Подписаться