Қамысқала ауылдық округінің әкімі сайланды

28.10.2025

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

26 қазанда Исатай ауданында Қамысқала ауылдық округі әкімін сайлау өтті. 

Аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлаушылар тізіміне 2338 азамат енгізіліп, олардың 1317-сі дауыс беруге қатысқан. Үйден дауыс бергендер саны — 53, ал «Бәріне қарсымын» деген таңдау жасағандар — 15 адам.

Қамысқала ауылдық округі әкімінің лауазымына үш кандидат бақ сынады. Нәтижесінде Р.Н. Есқали – 338, Е.С. Есмағил – 247, ал Р.А. Тәжиденова – 712 дауыс жинады.

Дауыс беру қорытындысы бойынша Қамысқала ауылдық округінің әкімі болып «Amanat» партиясының кандидаты Рафигат Әнуарбекқызы Тәжиденова сайланды. Ол — 1968 жылы туған, Қамысқала ауылдық округі әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарып келген.


Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Бүгін, 16:51

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью