Қанат бітіретін сусынның қақпаны: Біз неге энергетик сатып алуға құмармыз?

23.01.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Әлемде энергетикалық сусындар нарығы қарқынды өсіп барады. Кофеин мен қантқа малынған бұл өнімдер соңғы жылдары қарапайым газдалған сусындарды нарықтан ысырып, нағыз бәсекелеске айналды, деп жазады Egemen.kz.

Халықаралық Fact.MR консалтингтік компаниясының есебіне сүйенсек, 2020-2025 жылдар аралығында әлемдік энергетиктер нарығы 63,2 млрд доллардан 87,8 млрд долларға дейін, яғни 38,9%-ға ұлғайған. Алдағы он жылда бұл көрсеткіш екі есеге жуық өсіп, 170 млрд долларға жетуі мүмкін. Орташа жылдық өсім – 6,8%.

Сергіткіш сусын сергелдеңге салмасын

Сарапшылар мұндай өсімді интернет арқылы сату, табиғи құрамды жаңа өнімдердің шығуы және ірі өндірушілердің белсенді жарнамалық саясаты қамтамасыз етіп отырғанын айтады. Яғни энергетиктер қазір «функционалды сусын» ретінде кеңінен насихатталып жатыр.

Алайда сұраныс артқан сайын, алаңдаушылық та күшейді. Денсаулық сақтау саласының мамандары кофеині жоғары газдалған сусындардың зияны туралы жиі ескертіп жүр. Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы энергетиктерді шамадан тыс тұтыну қант диабетіне, жүрек ауруларына, психикалық бұзылыстарға және семіздікке әкелуі мүмкін екенін атап өтеді.

Әлем мен Қазақстан энергетиктерді қалай шектеп отыр?

Көптеген елдер энергетикалық сусындарды балалар мен жасөспірімдерге сатуға тыйым салу жолын таңдаған. Кей мемлекеттерде жарнамаға да қатаң шектеулер қойылған. Бірақ бәрі бірдей бұл бағытты ұстанбайды. Мәселен, Австралияда энергетиктерді сатуға жас шектеуі жоқ, тек қаптамада «балаларға арналмаған» деген ескерту жазылуы тиіс. АҚШ-та да федералды деңгейде тыйым салынбаған, шектеулер кейбір штаттарда ғана бар.

Ал Қазақстан бұл тұрғыда ең қатаң талап қойған елдердің қатарына қосылды. 2025 жылғы қарашадан бастап 21 жасқа толмаған азаматтарға энергетикалық сусын сатқан кәсіпкерлерге айыппұл салу нормасы күшіне енді. Енді мұндай заң бұзушылық үшін 30-дан 400 айлық есептік көрсеткішке дейін (шамамен 130 мыңнан 1,7 млн теңгеге дейін) айыппұл қарастырылған. Заңның өзі 2025 жылғы қаңтарда қабылданғанымен, жауапкершілік нақты енгізілгеніне небәрі екі айдай ғана уақыт өтті.

Ресми статистика бойынша, 2025 жылғы желтоқсанда осы баппен бар болғаны төрт құқықбұзушылық тіркелген. Бірақ бұл көрсеткіш нақты жағдайды толық ашпайды. Себебі аталған бапта темекі өнімдері де қамтылған, әрі энергетиктерді жасырын түрде сатып алу кең тараған. Жасөспірімдер көбіне ересектерден алып беруін сұрайды немесе шағын дүкендерден сатып алады.

Зерттеулерге қарағанда, энергетиктерді тұтынатындардың арасында 15-19 және 20-24 жас аралығындағы жастар әлі де көп. Қазақстанда бұл бағытта жүйелі мемлекеттік зерттеу жоқ, тек коммерциялық компаниялардың деректері бар. Мысалы, KResearch Central Asia зерттеуіне сәйкес, 2024 жылы ірі қалалар тұрғындарының 27% энергетикалық сусын ішкен. Яғни әр төртінші қала тұрғыны.

Одан бөлек, сұралғандардың 72%-ы энергетиктерді аптасына кемінде бір рет тұтынатынын айтқан. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда айтарлықтай өсім. Ал 8% респондент мұндай сусынды күн сайын ішетінін мойындаған.

Ең белсенді тұтынушылар – 15 пен 34 жас аралығындағы жастар. Үлкен жастағылар арасында энергетик ішетіндер азайғанымен, нарықтағы жалпы сұраныс төмендеп отырған жоқ. Оның үстіне, ел тұрғындары сапалы өнім үшін көбірек төлеуге дайын, түрлі брендтерді жиі байқап көреді. Соңғы төрт жылда энергетик өндірушілерінің жарнама бюджеті 8%-ға, ал жарнама берушілер саны екі есеге артқан.

Қысқасы, энергетикалық сусындар нарығы қарқынды дамып келеді. Бірақ бұл өсім денсаулыққа төнетін қауіппен қатар жүріп отыр. Сондықтан көптеген елдер сияқты Қазақстан да сергектік «бағасын» заң арқылы шектеуге көшті.

Соңғы жаңалықтар

Оқушыларға барлық жағдай жасалған

Білім • Бүгін, 07:40

Тағы бір қазақ мектебі ашылды

Білім • Бүгін, 07:30

Он үшінші білім ошағы

Білім • Бүгін, 07:20

Тағы бір колледж халықаралық ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шықты

Қазақстан • Кеше

Әлем және Азия рекорды: Қазақстан мергендері жалпыкомандалық есепте көш бастады

Спорт • Кеше

Бейбітшілік кеңесі туралы тағы бір мәлімет: Ақорда түсініктеме берді

Қазақстан • Кеше

Богданович мұздығында қар көшкіні қаупі жоғары

Оқиға • Кеше

Олимпиада-2026: Фристайл-акробатикадан ел намысын кімдер қорғайды?

Спорт • Кеше

Екі облыс аумағындағы автожол жабылды

Қоғам • Кеше

23 қаңтарда Астанада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды

Елорда • Кеше

«Тәуелсіздік ұрпақтары» – 2025 грантының жеңімпаздары марапатталды

Марапат • Кеше

Қазалыда теміржол үстінен өтетін аспалы көпір ашылды

Аймақтар • Кеше

Отаншыл маман даярлауды басты мақсат санаймыз

Пікір • Кеше

Мемлекет басшысы Давоста бірқатар кездесу өткізді

Президент • Кеше

Мемлекет үніңізге құлақ ассын: eOtinish-ке қанша хат келіп түседі?

Қоғам • Кеше

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью