Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Тұтынушыларды есептеу құралдарымен (есептегіштермен) қамтамасыз етуге бөлек көңіл бөлінді. Тікелей жауапты министрліктерге әкімдіктермен бірлесіп, әр өңірдің қажеттілігін анықтау және 2029 жылға дейін есептегіштерді орнатудың нақты жоспарын бекіту тапсырылды. Қанат Бозымбаевтың пайымдауынша, су, жылу және электр энергиясын тұтынуды толық есепке алмайынша, коммуналдық саланы толыққанды цифрландыруға өту мүмкін емес.
Қазақстан жаңа энергетикалық қуаттарды іске қосуды жеделдетеді
Тағы бір тапсырма коммуналдық қызметтерді төлеу кезіндегі тұрғын үй көмегіне қатысты болды. Оны тағайындау рәсімін жеңілдетіп, автоматтандыру жоспарланып жатыр. Ол үшін бірыңғай есеп айырысу орталықтары мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграциялануы керек, осылайша қажетті мәліметтер автоматты түрде түсіп, азаматтарға құжаттарды қайта жинаудың қажеті болмайды.
Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысында Орталық Азиядаға ең ірі жел электр станциясының құрылысы басталғаны туралы хабарлаған едік.