Қанат Бозымбаев Оңтүстік Кореяда Alatau City жобасын таныстырды

15.10.2025

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Қазақстан тарапынан форумға Alatau City дамыту кеңесінің мүшелері — Caspian Group төрағасы Юрий Цхай және жобаның инвестициялық серіктесі Alatau City Bank-тің жалғыз акционері Вячеслав Ким қатысты.

Фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Alatau City негізгі көлік дәліздерінің торабында орналасқан, жалпы ауданы 88 мың гектарды құрайды. Қаланың бүкіл аумағы Арнайы экономикалық аймақтың құрамына енгізілген. Мұнда корпоративтік табыс салығынан, жер және мүлік салығынан босату, сондай-ақ Алатау қаласы аумағында сатылатын тауарларға нөлдік мөлшерлемесімен қосымша құн салығын қолдану сияқты жеңілдіктер қарастырылған.

Фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Қыркүйек айында Президенттің арнайы Жарлығымен Алатау қаласына даму қарқыны озық қала деген арнаулы мәртебе берілді. Премьер-министрдің төрағалығымен құрылған Алатау қаласын дамыту кеңесі стратегиялық шешімдер қабылдайтын негізгі орган болып саналады. Осылайша қала Үкіметтің тікелей қарамағында болады.

Фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Форумда сөйлеген сөзінде Қанат Бозымбаев электроника, жаңартылатын энергия, медицина, білім және қалалық сервистерді цифрландыру салаларында корей компанияларымен әріптестікті дамытудың үлкен әлеуеті бар екенін атап өтті. 

Айта кетелік Қанат Бозымбаев Alatau City жобасының даму барысымен танысқан еді. Айта кетелік Alatau City инвесторлары 25 жылға салықтан босатылады

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью