Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев жұмыс сапары аясында Қарағанды облысының су тасқыны кезеңіне дайындығын тексерді. Вице-премьер су басу қаупі жоғары Бұқар жырау, Қарқаралы, Шет және Абай аудандарындағы негізгі гидротехникалық нысандар мен елді мекендердің жағдайын бағалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі
Сапар барысында вице-премьер Нұра өзенінің арнасы бойындағы Көкпекті, Байқадам, Петровка, Сарытөбе, Ботақара, Шешенқара ауылдарын, сондай-ақ «Байқадам» және «Миньковская» су бөгеттерін және Ащысу су қоймасын қарап шықты. Шерубай-Нұра өзені бойында Қарашоқы, Бесоба, Ақсу-Аюлы, Қайрақты, Нұраталды, Ақсу және Шопа елді мекендері тексерілді. Сонымен қатар Красная Поляна ауылындағы қорғаныс бөгеттірінің жай-күйі қаралды.
Сонымен бірге Абай ауданында Южный, Құлаайғыр және Тасзаемка ауылдары, сондай-ақ «Шерубай-Нұра» және «Жартас» су қоймаларының жағдайы зерделенді. Қанат Бозымбаев Самарқанд су қоймасы гидроторабының жұмысымен танысып, Чкалов ауылындағы қорғаныс бөгеттерін де тексерді.
Облыс әкімдігінің мәліметінше, өңірде негізгі су тасқынына қарсы іс-шаралар аяқталған. Жұмыстар Теміртау қаласында жалғасып жатыр.
25 шақырым қорғаныс дамбалары мен бөгеттері салынды және нығайтылды; Өзен арналарының 28 шақырымнан астам су тасқыны қаупі бар учаскесіне санация жүргізілді; 21 шақырым дренаж және су бұру жүйелері тазартылды; 54 автожол учаскесінде су өткізу қабілеті арттырылды; 4 гидротехникалық нысанға жөндеу жүргізілді.
«Жергілікті атқарушы органдар материалдық-техникалық және қаржылық резервтерді қалыптастырды, шамамен 1 млн 200 мың текше метр қар шығарылды. Облыстың 7 ауданында және 4 қаласында су басу қаупі бар 139 елді мекен, сондай-ақ автомобиль және теміржолдардың 130 қауіпті учаскесі ерекше бақылауға алынған. 217 су шаруашылығы нысаны тұрақты мониторингте тұр. Қазіргі уақытта өңірдегі су тасқыны жағдайы тұрақты. Негізгі су қоймалары штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Самарқанд және Ынтымақ су қоймаларынан санитарлық су жіберу жүргізілуде. Бүгін көктемгі су тасқыны жағдайының қолайсыз дамуы кезінде құтқару және өзге де жұмыстарды ұйымдастыруға дайындық мақсатында «Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды. ТЖМ аумақтық деңгейдегі хабарландыру жүйесінің дайындығын тексерді», деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бүгін елімізде «Көктем-2026» республикалық оқу-жаттығуы басталды. Осыған байланысты 1 наурыздан бастап азаматтық қорғаудың барлық күштері мен құралдары жоғары дайындық режиміне көшіріледі. Төтенше жағдайларға ден қою шараларына 3 579 адам және 1 047 техника жұмылдырылған.
Соңғы жаңалықтар
Сауалнама: Респонденттердің 86,5%-ы жаңа Конституция жобасын қолдайды
Қоғам • Бүгін, 15:07
Асхат Аймағамбетов қоғамда кең талқыланып жатқан жекелеген баптарға қатысты пікір білдірді
Заң • Бүгін, 14:45
Қарағанды облысында Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады
Оқиға • Бүгін, 14:28
Батыс Қазақстанда жол жөндеуге бөлінген 56,5 млн теңге жымқырылған
Қоғам • Бүгін, 14:00
ЕО АҚШ-тың тариф саясатын қабыл алмайтынын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 13:48
Қазақстанда ең ірі деректер орталығы құрылады
Үкімет • Бүгін, 13:34
Мемлекет басшысы Power International Holding басшылығымен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 13:13
«Странджа кубогі»: Бүгін 7 боксшымыз шаршы алаңға шығады
Бокс • Бүгін, 13:11
1414-тен SMS келсе, сақ болыңыз: Азаматтарды алдаудың жаңа схемасы белгілі болды
Қоғам • Бүгін, 13:00
Қазақстан сыртқы саудада рекордтық тауар айналымы көрсеткішіне жетті
Қазақстан • Бүгін, 12:54
Астанадан бір түнде 53 мың текше метр қар мен мұз шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:46
Спорт және өнер майталмандары референдумды қолдауға шақырды
Ата заң • Бүгін, 12:37
Надежда Парецкая дауы: Біздің төреші Шайдоров пен Самоделкинаның өнерін әдейі төмен бағалады ма?
Қысқы спорт • Бүгін, 12:22
11,4 млрд теңге залал: «Проблемалық кредиттер қорының» бұрынғы төрағасы ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:13
Келес ауданына «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен 120 маман келді
Аймақтар • Бүгін, 12:04