Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Астана қаласының прокуратурасы жол қозғалысы ережелерін жүйелі әрі өрескел бұзатын жүргізушілерге қатысты жауапкершіліктің қатаңдатылғанын мәлімдеді. Енді агрессивті жүргізу мен қауіпті маневр жасау тек айыппұлмен шектелмей, «ұсақ бұзақылық» ретінде бағаланып, жүргізушіні 15 тәулікке дейін қамауға алуға негіз болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фото: Ашық дереккөз
Прокуратураның мәліметінше, кейбір жүргізушілер үшін салынған айыппұлдар тиісті профилактикалық әсер етпей отыр. Сондықтан заң талаптарын саналы түрде елемейтін тұлғаларға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) қолданыла бастады.
Бұл шара жылдамдықты байқаусызда бір рет асырғандарға емес, келесі әрекеттерді әдейі жасағандарға бағытталған:
Жолда агрессивті жүргізу стилін ұстанатындар; Қауіпті маневр жасап, өзгелердің өміріне қатер төндіретіндер; Өрескел заң бұзушылығын таспаға түсіріп, әлеуметтік желіде мақтан үшін жариялайтындар.Астаналық полицейлер бейнекамера арқылы жол ережесін бұзғандарды анықтады
Елорда прокуроры Ғабит Мұқановтың айтуынша, қасақана құқық бұзушыларды оқшаулауға байланысты шараларды қолдану агрессивті жүргізуге төзбеушілікті қалыптастыруға және жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға бағытталған.
Елордада ЖИ-камералар қауіпсіздік белдігі мен телефонды тексере бастады
Қазірдің өзінде елордада бірнеше жүргізуші осы бап бойынша жауаптылыққа тартылып, әкімшілік қамауға алынды. Прокуратура барлық жол қозғалысына қатысушыларды өзара құрмет сақтауға және жолдағы қауіпсіздік – ортақ жауапкершілік екенін ұмытпауға шақырады.
Еске сала кетейік, 2026 жылдың соңына дейін тағы 16 ақылы жол учаскесінде жаңа талап енгізіліп, ереже бұзған жүргізушілерге айыппұл салынады.
Автокөліктегі міндетті жиынтық: Жүргізушілер нені білуі тиіс?
Соңғы жаңалықтар
Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:59
Мемлекет басшысы Грузия Президентімен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:42
Ауыл клубының басшысы 10 жыл бойы бюджет қаржысын жымқырған
Оқиға • Бүгін, 16:30
Елімізде жылдамдықты шектейтін учаскелер саны екі есе артады
Қоғам • Бүгін, 16:15
Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз үшін экологиялық қауіпсіздік ұзақмерзімді даму стратегиясының арқауы
Президент • Бүгін, 15:54
Ақын аманаты орындалды: Мұхтар Шаханов туған жерінің топырағына жерленді
Тұлға • Бүгін, 15:40
Жаттықтырушыларға үстемеақы беріледі: Өтінімді қалай тапсыруға болады?
Спорт • Бүгін, 15:32
Қазақстанда қар барысының саны 190-ға жетті
Қазақстан • Бүгін, 15:10
«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: Елордада халықаралық кітап көрмесі өтіп жатыр
Елорда • Бүгін, 15:03
Елімізде 32 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 14:52
Ірі энергетикалық нысандардан тарайтын зиянды шығарындылар 35 пайызға азаяды
Президент • Бүгін, 14:37
Қазақстанда жаңа БИ-95 автокөлік отыны өндіріле бастады
Қазақстан • Бүгін, 14:27
Мемлекет басшысы: Каспий маңында қарулы күштердің қолданылуына жол беруге болмайды
Президент • Бүгін, 14:15
Астанада Халықаралық су ұйымын құру бойынша консультациялардың бірінші кезеңі өтеді
Президент • Бүгін, 13:55
Театр, кино және диалог: Астанада Ресейдің мәдениет күндері өтеді
Қазақстан • Бүгін, 13:49