Қант диабеті науқастарына көмек

30.12.2025

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сәйкес әлемде қант диабетімен алысып өмір сүретін адамдардың саны 500 миллионнан асады. Өкінішке қарай, бұл статистика жылдан-жылға көбейіп барады.

Қант диабеті жеңіл-желпі қарайтын ауру емес. Оның салдары мүгедектікке, тіпті өлімге апаруы мүмкін. Емделіп, күтін­беген­нің салдарынан соқырлық, бүй­рек жеткіліксіздігі, жүрек-қан тамыры аурулары, аяқтың ампутациясы секілді қарапайым жұрт мүлде күтпеген асқынулар пайда болуы ықтимал. Бүгінде еліміз көлемінде қант диабеті диагнозы қойылған диспансерлік есепте 558 мың адам, оның ішінде 6 мыңнан астам бала тұр. Барлық тіркелген пациенттердің 95%-ы (530 000 адам) 2 типті қант диабетімен ауырады.

Елде дәл осы диагнозбен есепте тұрған науқастарға инсу­лин­дердің кең спектрі тегін ұсынылады. Әрбір пациент жер­гілікті емханадан ақысыз дәрі­гер кеңесін ала алады. Өз учаскесінде тұрақты бақылауда тұрады. Асқынулар байқалса, мамандандырылған көмек алады. Пациенттерге инсулиндерден бөлек, инъекциялық қантты төмендететін препараттар, ин­сулинді жеткізу құралдары мен өзін-өзі бақылау құралдарын (тест жолақтары, глюкометрлер, помпалар, шығын материалдары, т.б.) қоса алғанда, өмірлік маңызды дәрілердің кең тізбесі ұсынылады.

Негізі қант диабеті жоғары шығынды шығыстардың онды­ғына кіреді. Оны емдеуге мемлекет жылына шамамен 46 млрд теңге жұмсайды. Бұл дәрі-дәрмек саласын қаржыландыруға бөлінген соманың 22%-ын құрайды. Қант диабетімен ауы­ратын бір пациентке жылына жағдайдың ауырлығына бай­ланысты 618 мың теңгеден 6,5 млн теңгеге дейін қаржы бөлінеді. Барлық мұқтаж адамдарды қамтамасыз ету, өсіп келе жатқан қажеттіліктерді жабу мақсатында келер жылдың қаңтарынан бастап қант диабетін қаржыландыру МӘМС жүйесі арқылы іске асады. Сондай-ақ қаңтар айынан қант диабетін ерте анықтауға арналған скрининг науқастардың МӘМС-тегі сақтандыру мәртебесіне қарамастан тегін жүргізіледі. Демек, қант диабетінің диаг­ностикасы еліміздегі әрбір тұрғынға қолжетімді болады.

Соңғы жаңалықтар

Мұғалімге қоғам ілтипаты маңызды

Қоғам • Бүгін, 09:35

Білімнің кеңейген кеңістігі

Аймақтар • Бүгін, 09:33

Жарқанатқа айналған әйел

Өнер • Бүгін, 09:30

Жас буынға жан жылуы керек

Білім • Бүгін, 09:28

Шыңдағы шынар

Ғылым • Бүгін, 09:25

Қазақ бидайын қажымай зерттеген

Тұлға • Бүгін, 09:22

Зерттеудің абыройлы жылы

Ғылым • Бүгін, 09:20

«AlmaU»-дың экологиялық бастамасы

Білім • Бүгін, 09:17

Табысқа апарар анық жол

Білім • Бүгін, 09:15

Аудармашыны ЖИ алмастыра ала ма?

Таным • Бүгін, 09:13

Салмағы бөлек саяхат

Тарих • Бүгін, 09:10

Жаңбыр мен көктайғақ: Астанада коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Ауа райы • Бүгін, 09:09

Музей ісінен мән кетпесін десек...

Мәдениет • Бүгін, 09:07

Майдың сапалысы Өскеменде өндіріледі

Экономика • Бүгін, 09:05

Көпірдің «жыры» қашан бітеді?

Аймақтар • Бүгін, 09:02

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью