Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында көтерілген мәселелердің бірі – 2 топтағы қант диабетіне шалдыққандарға және инсулинге тәуелді науқастарға біржолғы төлем беру туралы.
Аталған мәселені депутат Нұргүл Тау көтеріп, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға сауал жолдады, деп жазады Egemen.kz.
Фото: Мәжіліс Депутаттың айтуынша, өңірлерге іссапары кезінде 2-ші топтағы қант диабетімен ауыратын бір топ азаматтар қабылдауында болып, мәселелерімен бөліскен екен.
«Бір облыстың өзінде оларға төленетін біржолғы төлем бір ауданда төленсе, бір ауданда төленбейді.
Бұл теңсіздік – Мәслихат шешімінің әртүрлі болуымен байланысты болғандықтан, аталған шешімді өзгертуді ұсындым.
Алайда, Мәслихат «министрліктің қорытындысы болмаса шешімді өзгерту мүмкін емес», деді. Әрине, бұдан кейін министрлікке хат жолдадым.
Өкінішке қарай, министрлік мәслихаттың жауабын жіберумен шектелді», деді Нұргүл Тау.