Қаңтар оқиғасында жоғалған қару жарақтар табылды

11.06.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Жыл басынан бері заңсыз қару айналымына қарсы жүргізілген шаралар нәтижесінде 1 200-ден астам қару тәркіленді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ішкі істер министрлігі құқықтық тәртіпті нығайту және заңсыз қару айналымының жолын кесу бағытындағы кешенді жұмысы жалғастырып жатқанын мәлімдеді.

Ведомствоның мәліметінше, «Қару» және «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық  шаралары барысында қылмыстық айналымнан 1 200-ден астам қару алынған. Тәркіленген қарудың қатарында 18 автомат, екі гранатаатқыш, 320-дан астам тапанша, 100-ден астам ойық ұңғылы қару және 700 тегіс ұңғылы мылтық бар. Сондай-ақ олардың арасында Қаңтар оқиғасы кезінде қолды болған 120 қару анықталған. Соның ішінде бір бөлігі Қаңтар оқиғалары кезінде қару-жарақ дүкендерінен ұрланған болып шыққан.

ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетовтің айтуынша, бүгінге дейін азаматтар өз еркімен шамамен 750 түрлі қару мен 4 мыңға жуық оқ-дәріні тапсырған. Министрлік заңсыз сақталған қаруды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын еске салды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью