Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ны 184 мыңға жуық адам тапсырды. Талапкерлердің 75%-ы тестілеуден өту үшін қазақ тілін, 25%-ы орыс тілін, 113 адам ағылшын тілін таңдаған, деп жазады Egemen.kz.
Фото: gov.kz
Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, талапкерлердің 68%-ы шекті балл жинаған. Бес пән бойынша орташа балл 64-ті құрап, ең жоғары көрсеткіш ретінде 138 балл тіркелген.
«Талапкерлердің тест тапсырмаларының мазмұны бойынша тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға беру құқығы бар. Техникалық себептер бойынша апелляция тікелей тестілеу кезінде қабылданады. Бұл жолы 19 мыңға жуық өтініш қабылданып, олардың ішінде 2 бірегей тест тапсырмасына қатысты өтініштер қанағаттандырылған. Республикалық комиссия жұмысын аяқтады, талапкерлердің сертификаттары жеке кабинетте қолжетімді», делінген министрлік таратқан хабарламада.
Тестке қатысушылардың басым бөлігі – 19,2%-ы «Математика-Физика» комбинацияларын таңдаған. «Биология-Химия» пәндерін – 16,8% талапкер таңдаған. Сондай-ақ тест тапсырушылардың – 9,8% «Шығармашылық емтихан» комбинациясы бойынша білімін сынаған.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында ҰБТ-ға 446 талапкер қатысқан.
«ҰБТ-ны өткізу барысында 320 ереже бұзушылық анықталды. 198 талапкер смартфондарды, шпаргалкаларды және басқа да тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны үшін тестілеуден шеттетілді. Тағы 120 адам тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан шығарылып, олардың нәтижесі жойылды. Бейне бақылауды тексеру нәтижесінде 2 адамның сертификаты жарамсыз болды. Өзге адамдардың орнына кіру фактілері анықталған жоқ», делінген министрлік таратқан хабарламада.
Айта кетейік, 2026 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда ҰБТ нәтижелері жойылады.
Соңғы жаңалықтар
Көктайғақ, тұман, жел: Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:47
Қаңтардағы ҰБТ: Тестілеу ережесін бұзған 120 адамның нәтижесі жойылды
Білім • Бүгін, 09:39
Ақша айырбастау орындарында доллар қаншадан саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:20
Қысқы Олимпиада: Бүгін Михаил Шайдоров еркін бағдарламада өнер көрсетеді
Қысқы спорт • Бүгін, 09:06
Рухани дипломатияның маңызы арта түсті
Саясат • Бүгін, 09:00
Қызылша науқасына қатысты мәселе талқыланды
Саясат • Бүгін, 08:58
Халық пен салықтың есебін түгендеген жоба
Қоғам • Бүгін, 08:55
Саясат • Бүгін, 08:53
Өндіріс • Бүгін, 08:50
Сенат халықаралық келісімдерді мақұлдады
Саясат • Бүгін, 08:48
Технология • Бүгін, 08:45
Орталық референдум комиссиясының ҮНДЕУІ
Референдум • Бүгін, 08:43
Экологиялық түйткілдің түйіні қашан тарқайды?
Экология • Бүгін, 08:40
Референдум өткізу жоспары бекітілді
Референдум • Бүгін, 08:38
Цифрлық емхананың онлайн кеңесі
Digital • Бүгін, 08:35