Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Ведомство қызметкерлері қала прокуратурасы және Көліктік бақылау инспекциясымен бірлесіп, Қапшағай маңындағы Іле өзені аумағында рейдтік іс-шара өткізді.
Шараның негізгі мақсаты — судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқықбұзушылықтардың алдын алу.
Рейд барысында қауіпсіздік талаптарының бірқатар бұзушылықтары анықталды.
— Нәтижесінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 412 және 582-баптары бойынша 7 әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар, құжаттарының болмауы және қауіпсіздік талаптарына сай келмеуіне байланысты 3 шағын көлемді кеме айыппұл тұрағына қойылды, — делінген хабарламада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті (@112almaty_oblysy)
Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды сақтық шараларын қатаң ұстануға шақырады. Мамандардың айтуынша, су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтау — адам өмірі мен денсаулығын қорғаудың басты кепілі.
Осыған дейін Қапшағай су қоймасында жеңіл автокөлік мұзды жарып, суға батып кеткенін жазғанбыз.