Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Бүгін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты іс қаралады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Оларға заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысу және қылмыстық жолмен алынған ақшалай қаражатты заңдастыру фактілері бойынша айып тағылып отыр.
Соттың мәліметінше, қылмыстық іс бойынша алдын ала тыңдау бүгін сағат 15:00-ге белгіленген. Бұл ақпаратты Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі де растады.
— Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті сотқа дейінгі тергеуді аяқтап, істі мәні бойынша қарау үшін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына жолдады, — делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін блогер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Сондай-ақ агенттік олардың қылмыстық жауапкершіліктен құтылуына мүмкіндік болғанын да мәлімдеген.
Айта кетейік, әлеуметтік желіде бірнеше автокөлік ұтысын жариялаған қазақстандық блогерлердің әрекетіне Туризм және спорт министрлігі назар аударған. Кейін бұл іс құқық қорғау органдарының қарауына өтіп, сотқа дейін жеткен.
Сонымен қатар министрлік өкілдері әлеуметтік желілерде автокөлік ұтысын ұйымдастыратын блогерлерге қатысты түсініктеме берген еді.