Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Румынияның Буфте қаласында өткен Еуро-2026 іріктеу кезеңінде Қазақстанның U-19 жастар құрамасы Украинаға 0:3 есебімен есе жіберді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Кездесудің алғашқы бөлігінде қазақстандықтар белсенді ойын көрсеткенімен, 29-минутта қақпашы Шерхан Қалмұрза алаңнан қуылып, матч тағдыры күрт өзгерді. Ол айып алаңы сыртында қарсылас шабуылшысына қарсы ереже бұзып, тікелей қызыл қағаз алды.
Сан басымдығын тиімді пайдаланған Украина құрамасы бірінші таймның соңында есеп ашып, үзілістен кейін тағы екі гол соқты.
Осылайша, Украина 6 ұпаймен топ көшін бастады. Қазақстан құрамасының еншісінде 3 ұпай бар. Енді отандастарымыз 31 наурыз күні Солтүстік Ирландияға қарсы шешуші кездесу өткізеді.
Айта кеткен жөн, іріктеудің элиталық кезеңіне 28 құрама қатысып, 7 топқа бөлінген. Әр топтың жеңімпазы финалдық кезеңге тікелей жолдама алады. Ал финалдық кезең 2026 жылдың 28 маусымы мен 11 шілдесі аралығында Уэльсте өтеді.