Қақтығыс аймағындағы қазақстандықтардың тізімі әзірленіп жатыр

08.10.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

АСТАНА, 7 қазан – Sputnik. Сыртқы істер министрлігі қақтығыс аймағында жүрген Қазақстан азаматтарының өтініші бойынша жұмысты жалғастырып жатқанын хабарлады.

Министрліктің мәліметінше әлеуметтік желіде көмек сұрап, бейнеүндеу жариялаған азаматтарға қолдау көрсету үшін қажетті шаралар қабылданып жатыр.

"Оларды елге қайтару мәселесі бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Ведомство жедел желіге келіп түскен әрбір өтініш мұқият тексерілетінін атап өтті. Тексеру аяқталған соң азаматтардың қалыптастырылған тізімі Ресей тарапына жіберіледі.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью