Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Қытай билігі шиеленістің ушығуына байланысты алаңдаушылық танытып, делдалдық әрекеттерін күшейтті. Қытай Сыртқы істер министрі Ван И Ресей, Иран, Израиль, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Оман, Франция және басқа елдердің сыртқы істер министрлерімен телефон арқылы бірнеше рет сөйлесті.
Келіссөздер барысында Қытай тарапы БҰҰ Жарғысының қағидаттарын сақтау қажеттігін атап өтіп, қақтығысқа қатысушы тараптарды келіссөзге қайта оралуға, бейбіт тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және шиеленістің одан әрі өршуіне жол бермеуге шақырды. Сонымен қатар Қытай күш қолдануға қарсы екенін мәлімдеді.
Қытай Сыртқы істер министрінің ресми өкілі Мао Ниннің айтуынша, Қытай барлық мүдделі тараптармен, оның ішінде қақтығысқа қатысушылармен байланыстарды сақтап, делдалдықты күшейтіп, келісімге қол жеткізуге ұмтылып жатыр.
Сонымен қатар жақын арада Қытай үкіметінің Таяу Шығыстағы арнайы өкілі Чжай Цзюнь аймаққа барып, шиеленісті төмендету бағытында белсенді шаралар қабылдамақ. Бұл қадам Қытайдың аймақтағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге деген ниетін көрсетеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Еуропа қақтығыстың ушығуына байланысты Таяу Шығыстан азаматтарын эвакуациялайтынын жазған едік.