Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Қазгидромет алдағы үш тәуліктегі ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, алдағы үш күнде елімізде аяз болады. Бірқатар өңірде қар аралас жаңбыр жауады.
Батыс өңірлерде, кейін басқа аймақтарда ауа температурасы төмендейді. Ал солтүстік және шығыс облыстарда түнгі уақытта сынап бағанасы -5, -10 градусқа дейін жетеді. Оңтүстікте де күн суытады.
Оңтүстік өңірлердің тұрғындары да қыстың жақындағанын сезінеді. Түнде ауа температурасы -2 -7 градусқа дейін төмендеп, күндіз +2 +7 градус аралығында болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.