Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
— 2026 жылғы 17 сәуір сағат 16:30–да республикалық маңызы бар «Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы» автожолының 778-967 шақырым аралығында (Аягөз қаласы — Қалбатау ауылы) көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс ашылды, — делінген «ҚазАвтоЖол» ҰК таратқан хабарламада.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Осыған дейін Өскеменде көктемгі жылы ауа райынан кейін жағдай күрт өзгеріп, қаланы қалың қар басқанын жазғанбыз.