Қар, көктайғақ: ҚазАвтоЖол Абай облысының жүргізушілеріне үндеу жасады

02.11.2025

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Ұлттық компания  1 қараша күні сағат 20:00-ден 5 қараша күні сағат 20:00-ге дейін аймақта дауылдық ескерту жарияланғанын құлағдар етті.

«4 қарашада түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіліп отыр. 5 қарашада қар жауып, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қалың қар жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа, батысқа ауысады, екпіні 15-20, облыстың оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 23-28 м/с. Ауа температурасының 5 қарашада түнде және күндіз 5-10 аязға дейін төмендеуі күтіледі», деп хабарлады Ұлттық компания.

Осыған байланысты «ҚазАвтоЖол» тұрғындардан жолда жүру ережелерін қатаң сақтап, ауа-райының қолайсыздығын ескеріп, ұзақ жолға шықпауды сұрады.

Бұған дейін, елімізде қар басу қаупі бар учаскелерде 70 мың ағаш қалқан орнатылғанын жаздық.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью