Қар мен тұман: 14 ақпанда елімізде дауылды ескерту жарияланды

13.02.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

14 ақпанда Қазақстан бойынша, соның ішінде Алматы мен Шымкент қалаларында және 14 өңірде дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктердің мәліметінше ел бойынша қар, жаңбыр, боран, көктайғақ және тұман күтіледі. Елдің шығысында қолайсыз метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні батыста, солтүстікте және оңтүстікте секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Петропавл қаласында да желдің екпіні секундына 15-20 метр болады.

Қостанай облысы батысында, солтүстігінде және шығысында тұман болжанады.

Павлодар облысы батысында, солтүстігінде және шығысында тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысы солтүстігі мен оңтүстігінде тұман болады. Өскемен және Риддер қалаларында екінші дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) туралы ескерту сақталады.

Абай облысы аумағында тұман күтіледі. Семей қаласында да екінші дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдай күшінде.

Алматы облысы таулы аудандарында күндіз кей уақытта қалың қар жауады. Түнде солтүстікте, оңтүстікте және таулы аймақтарда, күндіз көктайғақ болады. Қонаев пен Алматыда кей уақытта тұман мен көктайғақ күтіледі.

Жетісу облысы солтүстігі мен орталығында күндіз жолдарда көктайғақ болады. Талдықорған қаласында да жолдарда көктайғақ күтіледі. Алакөл көлдері маңында жел екпіні секундына 25 метрге дейін жетуі мүмкін.

Жамбыл облысы оңтүстігінде, солтүстігінде және таулы аудандарында көктайғақ, кей уақытта тұман болжанады. Тараз қаласында да тұман мен көктайғақ күтіледі.

Түркістан облысы аумағында жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде және таңертең оңтүстігі мен таулы аудандарында қалың жауын-шашын, көктайғақ болады. Түркістан мен Шымкентте тұман күтіледі.

Қызылорда облысы оңтүстігі мен орталығында тұман болады. Қызылорда қаласында да кей уақытта тұман түседі.

Ақтөбе облысы солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде және таңертең тұман күтіледі. Мұғалжар ауданында төменгі боран болуы мүмкін.

Батыс Қазақстан облысы батысында, солтүстігінде және шығысында тұман болжанады. Орал қаласында да түнде және таңертең тұман күтіледі.

Атырау облысы батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман болады. Кей жерлерде шаңды дауыл соғады. Атырау қаласында да түнде және таңертең тұман күтіледі.

Маңғыстау облысы батысында, солтүстігінде және орталығында тұман болжанады. Жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Соңғы жаңалықтар

Алматыда КИСИ GPS алаңында жаңа Конституцияның құндылықтық бағдарлалары талқыланды

Ата заң • Бүгін, 19:44

2026 жылғы Олимпиададағы биатлон: Владислав Киреев із кесу жарысына жолдама алды

Олимпиада • Бүгін, 19:35

Алматыда қанша жаңа медициналық мекеме бой көтереді?

Аймақтар • Бүгін, 19:20

Ғылыми жұртшылық «Әділетті әрі прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясын қолдады

Ата заң • Бүгін, 18:37

Қазақстан азаматтарына неліктен АҚШ визасы берілмейді?

Саясат • Бүгін, 18:08

Михаил Шайдоров жүлдеге таласады: Тікелей эфирді қайдан көруге болады?

Қысқы спорт • Бүгін, 18:00

Тағы бір өңірінде мұнай іздеу жұмыстары басталады

Аймақтар • Бүгін, 17:53

Vietjet Qazaqstan қазақтың дархан даласы бейнеленген ұшағын таныстырды

Қазақстан • Бүгін, 17:50

Алматының бір бөлігінде төтенше жағдай жарияланды

Төтенше жағдай • Бүгін, 17:48

Қарағанды облысында өңірлік коалиция құрылды

Аймақтар • Бүгін, 17:45

Студенттер қауымдастығы жаңа Конституцияны қолдады

Ата заң • Бүгін, 17:35

Vogue Italia Михаил Шайдоровтың костюмін таңдаулылар қатарына қосты

Қысқы спорт • Бүгін, 17:25

Елімізде қызылшаға қарсы вакцинация науқаны тоқтады ма?

Медицина • Бүгін, 17:18

Қайтарылған активтер: Маңғыстау облысында жаңа медициналық мекеме салынды

Қоғам • Бүгін, 17:15

Бейжің тәжірибесі Қазақстанға көмектесе ме? 11 қаланың ауасы неге әлі де лас?

Қазақстан • Бүгін, 17:04

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью