Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АСТАНА, 13 сәуір – Sputnik. Қазгидромет алдағы үш күннің ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
14-16 сәуір күндері Қазақстанның басым бөлігінде бұлтты және жауын-шашынды ауа райы болады.
"Солтүстік өңірлерде ауа температурасы нөлден төмендеп, жаңбырдың қарға ауысуы, көктайғақ құбылыстары болуы мүмкін", - дейді синоптиктер.
Батыста үш күн бойы күшті жаңбыр, бұршақ және екпінді жел, 16 сәуірде оңтүстікте, ал 15–16 сәуірде солтүстікте және орталықта тура сондай ауа райы болады деген болжам бар. Ал шығыста 14 сәуірге қараған түні қатты жауын-шашын (жаңбыр мен қар) түседі. Бұдан бөлек, республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.
Ауа температурасы:
батыста түнде +2…+10°С, күндіз +10…+15°С;
солтүстікте түнде -2…-8°С, күндіз 0…+7°С;
оңтүстікте түнде +3…+13°С, күндіз +8…+18°С.