Қара шатқалдағы аспалы әйнек көпірдің жаңа эскизі таныстырылды

03.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Облыс әкімдігінің мәліметінше, инвесторлар Кеген ауданы Қара шатқал туристік аймағында салынатын аспалы әйнек көпірдің жаңа жобасын ұсынды.

Жобаның жалпы құны — 1,5 млрд теңге болады. Ал құрылыс кезеңінде 120 жұмыс орны, ал нысан пайдалануға берілгеннен кейін 58 тұрақты жұмыс орны ашылмақ. Нысан толық іске қосылғаннан кейін жылына 400–600 мың турист қабылдай алады.

Фото: Алматы облысы әкімдігі

— Қазіргі таңда автотұрақ пен павильон құрылысына арналған алаңды дайындау және тегістеу бойынша жер жұмыстары аяқталған. Ал жобалық-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр. Сараптама қорытындысы алынғаннан кейін құрылыс-монтаж жұмыстары басталмақ, — деп хабарлады әкімдіктен.

Фото: Алматы облысы әкімдігі

Еске салайық, 2024 жылы Алматы облысындағы Қара шатқалға ұзындығы 170 метрлік әйнек көпір салынатыны белгілі болды.

Былтыр Қара шатқалдағы аспалы әйнек көпірдің жобасы қай сатыда екенін жазғанбыз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью