Қарағанды гарнизонында Айбалта 2026 оқу жаттығуы басталды

16.09.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

«Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты «Спасск» оқу орталығының полигонында «Айбалта-2026» жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Оқу-жаттығуға «Астана» өңірлік қолбасшылығының құрамалары мен әскери бөлімдері қатысу үстінде. Оған 600-ге жуық әскери қызметші және 50-ден астам қару-жарақ пен әскери техника жұмылдырылған.
Негізгі міндет – әскерлердің мақсатқа сай міндеттерді орындауға әзірлігін тексеру, командирлер мен штабтардың жоспарлау және шешім қабылдау дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ бөлімшелердің өзара іс-қимылын арттыру.
Оқу-жаттығу барысында штабтар әскерлерді басқару, бөлімшелерді жылжыту және қайта топтастыру, өзара іс-қимылды ұйымдастыру, сондай-ақ жағдайдың өзгеруі барысында басқарудың тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелерін пысықтайды.
Практикалық кезеңде әскери қызметшілер полигонда қару-жарақ пен әскери техниканы қолдана отырып, қазіргі заманғы қарулы күрестің даму үрдістерін ескере отырып, оқу-жауынгерлік міндеттер кешенін орындайды.

– «Айбалта-2026» – республика аумағында өткізіліп жатқан стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығудың кезеңдерінің бірі. Оның барысында әскери қызметшілердің кәсіби даярлық деңгейін, басқару органдарының үйлесімділігін және әскерлердің шынайы жағдайға барынша жақын ортада тиімді әрекет ету қабілетін тексереміз, – деді Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Құрлық әскерлері Бас жедел басқармасының бастығы полковник Қанат Жәнкеев.

Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша басқару органдары мен әскерлердің әзірлігі бағаланып, жауынгерлік даярлықты жетілдірудің одан арғы бағыттары айқындалады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью