Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19.09.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

АЛМАТЫ, 19 қыркүйек - Sputnik. Қарағанды облысында 193 шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті, деп хабарлайды Қарағанды облыстық полиция департаменті.

19 қыркүйекте сағат 09:00 шамасында "Астана" автожолының 188-ші шақырымында Теміртау қаласының өткелі ауданында "Scania" жүк көлігі жол апатына түсті.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, 39 жастағы жүргізуші "Scania" көлігімен келе жатып, көлік құралын аударып жіберген. Жүк көлігі Көкшетау – Ташкент бағыты бойынша 193 бас шошқа тасымалдаған", - дейді полиция.

Жол - көлік оқиғасы салдарынан жануарлар далаға босып кеткен. Зардап шеккендер жоқ.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью