Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АСТАНА, 21 наурыз – Sputnik. Қарағанды облысында жолаушылар мінген автобус жол апатына түсті, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Оқиға 21 наурыз таңғы сағат 05:00 шамасында болған.
"Астана – Алматы автожолының 747-шақырымында Сарышаған кенті маңында Жамбыл облысы шекарасынан 3 шақырым жерде жол апаты тіркелді. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 49 жастағы автобус жүргізушісі көлікті тізгіндей алмаған", - дейді.
Автобус жол жиегінде сол бағытта тоқтап тұрған "Volvo" маркалы жүк көлігімен соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам оқиға орнында қаза тапты. Тағы үш адам түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді. Апат кезінде автобус салонында 33 жолаушы болған.