Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
АСТАНА, 23 шілде – Sputnik. Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданындағы "Алтыналмас АК" АҚ өндірістік нысандарының бірі – "Пустынное" ТБК аумағында жазатайым оқиға болды, деп хабарлайды алтын өндіруші кәсіпорын.
Оқиға 23 шілде сағат 11:30 шамасында болған.
""Пустынное" ТБК екінші саты ұсақтау корпусының конвейер машинисі қаза болды. Оқиғаның себеп-салдары мен мән-жайын уәкілетті органдар анықтап жатыр. Марқұмның туған-туыстары мен жақындарына, әріптестеріне қайғырып көңіл айтамыз", - делінген хабарламада.
Компания марқұмның отбасына барлық қажетті көмек пен қолдау көрсететінін айтты.