Қарағанды облысында баланың басына кірпіш құлады

13.04.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

АСТАНА, 13 сәуір – Sputnik. Қарағанды облысында баланың басына кірпіш құлады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұқар жырау аудандық мәдениет үйінің сыртқы қаптамасындағы кірпіш босап кетіп, баланың басына тиген.

Қазіргі уақытта полиция Қылмыстық кодекстің 306-бабы (қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету) бойынша тергеуді бастады. Тергеу тобы оқиға орнына барып, мән-жайды анықтауға кірісті.

Зардап шеккен бала ауруханаға жеткізілді.

Айта кетері, аталған бап бойынша 600 АЕК-ке (2 595 000 теңгеге) дейін айыппұл салу, сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, 160 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 40 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған. Сондай-ақ сот шешімімен белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейін айыруы мүмкін.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью