Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Қарағанды облысында банк менеджері алаяқтық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлады облыстық полиция.
Саран қаласында полиция банктің 23 жастағы менеджерін ұстады. Тергеу мәліметінше, ол клиенттердің келісімінсіз сұралған сомадан әлдеқайда жоғары көлемде кредит ресімдеп отырған.
"Қазіргі уақытта полицияға төрт жәбірленуші жүгінді. Алдын ала мәлімет бойынша келтірілген шығын көлемі 6,9 млн теңгеден асады", - деп жазылған хабарламада.
Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі ("Алаяқтық") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктінің басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы тексеріліп жатыр.