Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы аумағында жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 39 жастағы ер адамның денесін анықтады. Аталған азамат Қарағанды қаласында әйел мен оның кәмелетке толмаған қызын өлтіру ісі бойынша негізгі күдікті ретінде қарастырылған.
Алдын ала деректерге сүйенсек, ер адам өз атына заңды түрде тіркелген қарумен өзіне оқ атып, өмірін қиған.
Қарағанды облысы Полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі толық анықтауға бағытталған тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Еске сала кетейік, 26 наурыз күні Қарағанды қаласындағы Крылов көшесінде орналасқан пәтерден 38 жастағы әйел мен оның 12 жастағы қызының мәйіті табылған болатын.
Аталған дерек бойынша қосарланған кісі өлтіру фактісімен қылмыстық іс қозғалып, күдіктінің жеке басы жедел түрде анықталған еді.