Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
АСТАНА, 6 сәуір – Sputnik. "Қарағанды – Астана" учаскесінде электровоз шұғыл тоқтауға мәжбүр болды, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы".
6 сәуірде "Қырқыншы – ОП-42" аралығында Қарағанды депосының машинисі 62 км/сағ жылдамдықтағы ВЛ80С №227 электровозын шұғыл тежеуге мәжбүр болған.
"ГАЗель" маркалы автокөліктің жүргізушісі темір жолды белгіленбеген жерден кесіп өтуге тырысқан. Бригаданың қырағылығы мен жедел әрекеттерінің арқасында қақтығыстан аман қалды", - дейді компанияда.
"Қазақстан темір жолы" жүргізушілерді темір жолдарды кесіп өту кезінде ережелерді қатаң сақтауға ескертті.
Теміржол көлігі қозғалыстың басқа қатысушыларына қарағанда басымдыққа ие, деп ескертті компанияда.