Қарағанды облысында ер адам тұрғын үйде жарылыс жасады: 5 полицей зардап шекті

23.03.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

АЛМАТЫ, 23 наурыз - Sputnik. Қарағанды облысы Шахтинск қаласында көпқабатты үйде газ жарылып, 8 адам зардап шекті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Тұрғындар газдың иісі шығып жатқанын айтып, полицияға хабарласқан. Полиция қызметкерлері оқиға орнына келіп, төтенше жағдайлар қызметіне хабар береді. Дәл осы сәтте тұрғындардың бірі бесінші қабаттағы пәтерде мүгедек адамның барын айтады. Полиция қызметкерлері ол адамды тауып, эвакуциалап үлгереді. Бірақ сол пәтерде тұрған 40 жастағы тағы бір тұрғын сіріңкені тұтатып жіберген. Сол сәт жарылыс болады.

Оқиға орнына құтқарушылар келген кезде жиһаз бен тұрмыстық заттардың жанып жатқан.

"Құтқарушылардың күшімен баспалдақ арқылы жоғарғы қабаттардан 5 адам эвакуацияланды. Өрт сөндірушілер келгенге дейін полиция қызметкерлері де тұрғындарды эвакуациялаған, қалған тұрғындар өз бетінше ғимараттан шыққан", - дейді өрт сөндірушілер.

Оқиға салдарынан 8 адам зардап шекті, оның ішінде 5-еуі полиция қызметкерлері. Барлығы медициналық мекемеге жеткізілді. ТЖМ күштерімен өрт 40 шаршы метр аумақта толық сөндірілді.

"Бөтеннің мүлкін қасақана жоюға әкеп соққан өрт" фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері 40 жастағы күдіктіні ұстады. Қазіргі уақытта ол Шахтинск қалалық ауруханасының мамандандырылған палатасына жатқызылды және конвой күзеті қойылды", - дейді Қарағанды облысының полиция департаменті.

Полицияның айтуынша, күдікті сауыққаннан кейін уақытша ұстау изоляторына қамалады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью