24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Қарағанды облысында есірткі саудасымен айналысқан интернет-дүкен иесі ұсталды.
"Қарасора" жедел операциясы кезінде полицейлер Теміртау қаласында 20 жастағы жергілікті тұрғынды қолға түсірді. Ол заңсыз тауарды интернет арқылы таратты деген күдікке ілінді.
Жеке тінту барысында күдіктіден екі бағалы ұялы телефон, 200 000 теңге көлемінде ақша және 2 грамға жуық ұнтақ тәрізді зат тәркіленді. Ал тұрғылықты мекенжайына жүргізілген тінту кезінде жалпы салмағы шамамен 100 грамм болатын ақшыл сары түсті ұнтақ салынған 51 түйіншек табылды. Ол төрт ай бойы заңсыз қызметін жүргізіп, тыйым салынған заттарға төлемді криптовалюта арқылы қабылдаған. Бұған қоса қала аумағында бірнеше "жасырын орындар" ұйымдастырған. Қазір аталған қылмысқа қатысы бар өзге тұлғалар анықталып жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.