Қарағанды ​​облысында инкассатор көлігі жантүршігерлік жол апатына түсіп, жүргізушісі қаза болды

04.12.2025

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Қарағанды облысында инкассатор көлігі жантүршігерлік жол апатына түсті. Салдарынан бір адам оқиға орнында қаза тауып, екеуі ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды облысында инкассатор көлігі жантүршігерлік жол апатына түсті. Салдарынан бір адам оқиға орнында қаза тауып, екеуі ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстық Полиция департаменті мәліметінше, жол апаты 2 желтоқсанда сағат 16:40-та "Қарқаралы – Қарағайлы" тасжолында болған. Алдын ала деректер бойынша, Camry жүргізушісі рөлге ие бола алмай, инкассаторлардың Lada Largus көлігімен соқтығысқан. Соқтығыстан кейін инкассатор көлігі өртеніп кеткен. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде жарияланды.

"Lada Largus-тың 28 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Оның 36 жастағы жолаушысы және Camry көлігінің 41 жастағы жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілді", – деп хабарлады полиция.

Қазір жол апты дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Camry жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", – деді ведомство.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью